Мемлекеттік корпорация адалдық пен жауапкершіліктің жоғары стандартын сақтай отырып, ашық және этикалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс істейді. Бұл стратегияның маңызды элементі сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша өтініштерді қарау жүйесі болып табылады.
Бүгінгі таңда Комплаенс бақылау қызметінде compliance.control@gov4c.kz электрондық пошта арнасы сәтті жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1414 байланыс орталығының операторлары бірыңғай бағыттардың бөлігі болып табылатын өтініштерді қабылдайды. Қызметкерлерден және азаматтардан сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа байланысты жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламаларды өтініш беруші туралы ақпаратты қорғау үшін құпиялылықты сақтай отырып қаралады. Осы жұмыстың нәтижесінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады, сондай-ақ процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына хаттар жіберіледі.
Еске саламыз! Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілері туралы мәліметтер болған жағдайда Сіз сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштаға дереу хабарласа аласыз. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамаңыз.