Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияда директорлар кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 4 қазанда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті. Оған Директорлар кеңесінің мүшелері Б.Бекбауов, А. Кенжеғалиев, З.Балиева, К. Омаров, Е. Бердинов, И. Талло қатысты.      

Өткізілген Директорлар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды. 2024 жылдың І жартыжылдығындағы Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп мақұлданды, ағымдағы жылға арналған Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы мен мүшелері үшін қызметтің негізгі көрсеткіштерінің карталары бекітілді, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айқындалды.    

Сонымен қатар, Комплаенс-бақылау қызметінің басшысы мен жекелеген жұмыскерлерінің өкілеттік мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылданды.