Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Қазақстанда шамамен 2,5 миллион зейнеткер тұрады.

Зейнетақы алушылардың ең көбі Алматы қаласы мен Түркістан облысында тұрады, шамамен, әрқайсысында 250 мың және 200 мың адам. Ұлытау облысында зейнеткерлердің ең аз саны тіркелген, зейнеттік жастағы тұрғындар саны 28 мыңнан астам.

Айта кетейік, 1 қазанда Халықаралық қарттар күніне орай еліміздің ХҚКО-ларында шара өтті. Бұл күні халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары зейнетақы куәліктерін салтанатты түрде табыстады. Қарттар күнінде 800-ге жуық азамат құжат алуға жүгінген. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында және Түркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді.

Сонымен бірге, Мемлекеттік корпорация қабырғасында зейнеткерлер мен «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шарада зейнетақымен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері мен ұсыныстар тыңдалды.

«Бізге зейнеткерлерге арналған сервистерді жақсарту үшін қай бағытқа қарай бет алу керек екендігін түсінуіміз маңызды. Көп жағдайда, оларға онлайн режимде қызмет алу қиынға соғады. Бұндай кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көмекке келіп, льготтық терезе арқылы қабылдайды не үйге барып қызмет көрсетеді. Бүгінгі кездесуде әркім өз пікірімен бөлісті және қарапайым қолданушының көзқарасы бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру үшін не қажет екенін айтылды. Біз барлық айтылған ұсыныстарды ескереміз және осы бағытта жұмыстар атқаратын боламыз», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, коммуникациялық кездесу барысында іс-шара қонақтары азаматтардың дербес деректерін қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру, сонымен қатар, мемлекеттік кепілдікті есептеу шарттары мен тәсілдерін түсіндіру қажеттілігі жөнінде мәселелер көтерілді.