Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

26 қыркүйек - комплаенс-офицерлерінің күні атап өтіледі

Ұйымдардағы сәйкестік, адалдық пен іскерлік этика стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін мамандардың жұмысының маңыздылығын көрсету мақсатында 2016 жылы атаулы күнді Sai Global бекіткен.

Бұл күннің қарсаңында Мемлекеттік корпорация барлық комплаенс-офицерлерге өз істеріне адалдығы мен кәсібилігі үшін және бұзушылықтарды анықтауға, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдердің алдын алуға белсенді түрде қатысқаны үшін алғысын білдіреді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен комплаенс-офицерлерінің комплаенс саласындағы заңнамалық талаптар мен саясаттың сақталуын күшейту жөніндегі бірлескен жұмысы этика мен корпоративтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын құруға және оны қолдауға негіз болып табылады.

Мемлекеттік корпорация барлық комплаенс-офицерлеріне кәсіби өсу мен жетістіктерге жетуді тілейді!

Ізгі тілекпен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы!

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз мемлекеттік қызмет алу барысында Мемлекеттік корпорация мамандарының тарапынан болған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілерінің куәгері болсаңыз, шұғыл түрде 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарлаңыз.