2024 жылғы 6 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Н.Абаханов, А.Кенжеғалиев, Б.Ташенев, З.Балиева, Е.Бердинов, К.Омаров, И.Талло қатысты.
Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі тәуелсіз ұйым жүргізген Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік басқару деңгейін бағалау қорытындылары бойынша нәтижелерді қарап, назарға алды. Бұл бағалау Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік басқаруды даму деңгейін айқындауға, Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және Мемлекеттік корпорация жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бағалау нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорациядағы корпоративтік басқарудың жалпы орташа балы 100%-дан 71%-ды құрады.