Мемлекеттік корпорация ХҚКО жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылдауда
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Ішкі талдаудың мақсаты ХҚКО-ларда құқық бұзушылықтар жасауға әкелетін жағдайлар мен ықпал ететін себептерді анықтау және зерделеу болып табылады.
ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ қызметкерлер тарапынан бұзушылықтар туралы ескертулер мен мәліметтерді compliance.control@gov4c.kz. электрондық поштасына жіберуге болатынын атап өткіміз келеді. Барлық өтініштер жеке қаралады және әрбір пікір ескеріледі!