2024 жылғы 24 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Н.Абаханов, Б.Бекбауов, М.Теміржанов, Б.Ташенев, А.Кенжеғалиев, З.Балиева, Е.Бердинов, К.Омаров, И.Талло қатысты.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Мемлекеттік корпорацияның 2023 жылғы қызметі туралы, Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының 2023 жылғы орындалуы туралы есептер, сондай-ақ Бюджетті қалыптастыру әдістемесі және Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс-бақылау қызметінің 2025 жылға арналған бюджеті бекітілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың II тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс-бақылау қызметінің есебі қаралды.
Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс-бақылау қызметі жұмыскерлерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, жаңадан жұмыскерлер тағайындалды.