«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Astana Hub-пен бірлесіп бейнеаналитика және басқа да салаларда инновациялық шешімдерді іздейтінін жариялайды. Қатысушылар келесі алға қойылған міндеттер бойынша шешімдер ұсыну керек:
1. 1414-ке ЖИ қолдану бойынша шешімдер:
○ мәтінді автоматты түрде танитын, қолданыстағы жүйелермен интеграцияланатын, есептерді қалыптастырып, үздіксіз қызметпен қамтамасыз ететін чат-бот құрастыру.
2. Ахуалдық орталыққа бейнеаналитка:
○ нақты уақыттағы бейне ағындарды талдау, келушілерді анықтау, күдікті оқиғаларды бақылау және хабарлау жүйесін құру.
3. Мемлекеттік корпорация мұрағаттарын цифрландыру бойынша сервис:
○ жылдам табу функциясы бар және әртүрлі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған мұрағаттық деректерді цифрландыру және сақтау үшін әмбебап сервисті әзірлеу.
4. Жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды тапсыруға арналған Computer Vision:
○ жүргізу дағдыларын бағалау, бұзушылықтарды тіркеу және емтихан процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін компьютерлік көру технологияларын пайдалану.
5. Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды онлайн тапсыру:
○ биометриялық сәйкестендіру, нәтижелерді автоматты түрде тексеру және алаяқтықтан қорғау арқылы теориялық емтихандарды тапсыру үшін онлайн платформа әзірлеу.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
● өтініштер 2024 жыл 21 шілдеге дейін қабылданады;
● тіркелген заңды тұлғасы және MVP сатысында немесе одан жоғары сатыдағы өнімі бар IT-компаниялар қатыса алады;
● офлайн және онлайн қатысуға болады;
● жүлде қоры – 5 млн теңге.
Толық ақпаратпен Astana Hub https://astanahub.com/kk/l/gov4c-challenge" st yle="font-family: var(--ui-font-family-primary, var(--ui-font-family-helvetica));">сайтында
таныса аласыз.