Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Қазақстанның МХҚО-лары 7 және 8 шілде күні жұмыс істемейді

Ағымдағы жылдың 7 және 8 шілдесінде ҚР ІІМ ӘПК ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтатылады. Бірақ кезекші ХҚКО-лар осы күндері қызмет алушыларды қабылдайтын болады.

Айта кетейік, дүйсенбі күні 10 шілдеде мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 6 және 9 шілдеде - еліміздің ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары үшін демалыс күндері болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар 9:00–ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.