Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Қазақстандықтарға жылжымайтын мүлік қызметтері саласында туындаған ақаулар туралы хабарланды

Мемлекеттік корпорация жаңа ақпараттық жүйені іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасып жатқанына байланысты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қоса алғанда, жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсетудің уақытша ақаулары байқалатынын хабарлайды.

Айта кетейік, ХҚКО және eGov.kz порталы, сондай-ақ, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша қызметтердің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі байқалатынын ескертеміз. Мемлекеттік корпорация, «ҰАТ» АҚ және Республикалық нотариаттық палата жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында уақытша туындаған техникалық ақауларды жою бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуде. Жақын арада жүйенің жұмысы қалпына келтіреді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5-9 мамыр аралығында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасынан «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты техникалық жұмыстар жүргізілгенін еске саламыз.