Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Әлеуметтік төлемдер бойынша ақпаратты банктердің қосымшалары арқылы алуға болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» екінші деңгейлі банктермен бірлесіп Kaspi және Halyk Homebank мобильдік қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін жобаны жузеге асырды.

Kaspi мобильді қосымшасында қажетті анықтаманы алу үшін «мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «цифрлық құжаттар» батырмасын басып, «анықтамалар» бөлімін таңдау қажет. Halyk Homebank қосымшасында «мемлекеттік қызметтер» – «анықтамалар» бөліміне кіру арқылы қажетті ақпаратты білуге болады.

Анықтаманың цифрлық нұсқасында алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат алуға болады. Қызмет алушы анықтаманы көру барысында 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл).

Айта кетейік, бұған дейін азаматтар тұрғылықты жері бойынша орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелерінен қағаз жеткізгіш күйінде қажетті ақпараттарды алатын. Жыл сайын Мемлекеттік корпорация бөлімдеріне осы анықтамаларды алу үшін 230 мыңнан астам қызметті алушы (Мүгедектігі бойынша, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға берілетін АӘК және МӘЖ алушылар) жүгінетін.

Банктердің мобильді қосымшалары арқылы қызмет алушылар жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ, бұл жүйенің енгізілуі Мемлекеттік корпорация бөлімдерінің қызметкерлеріне жүктемені азайтып, азаматтарға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.