Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы бойынша өтініштер қабылдау басталды

Бүгін Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы бойынша өтініштер қабылдау басталды. Сот қарауынан тыс жағдайда банкроттыққа ұшырауы бойынша өтінішті онлайн беруге болады.

Егер азаматтың несиені қайта қаржыландыру туралы берген өтінішінен банк бас тартқан жағдайда сол банктен немесе микро-қаржыландыру ұйымынан анықтама қағазын алу керек. Жауап берілмеген жағдайда өтініштің көшірмесі немесе өтініштің электронды форматта берілгенін растайтын қағазды ұсыну қажет.

Анықтаманы немесе өтініштің көшірмесін алғаннан кейін борышкер банкроттыққа ұшырауы бойынша өтінішін E-salyg Azamat қызметі, eGov.kz порталы, eGov mobile қосымшасы, сондай-ақ ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы онлайн форматта бере алады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарайды.

Банкроттыққа өтініш берген кезде мынадай талаптар ескерілетін болады:

-клиентте тіркелген мүлік және ерлі зайыптылар арасында ортақ меншіктегі мүлік болмау керек;

-банктен несиені қайта қаржыландырудан бас тарту туралы жауап алыну керек;

-сот қарауынан тыс жағдайда борыш 5 млн 520 мың теңгеден аспауы қажет;

-12 ай ішінде несие өтелмеген болуы керек.


Шарттардың соңғы тармағы 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтар үшін таралмайды.

Егер кредиттерді өтемеу мерзімі 5 жылдан асса және банктер тиісті шаралар қолданбаса, борышкер банкроттыққа өтініш беруге құқылы.