Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мемлекеттік корпорация қызмет алушыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекеттік корпорация ұтыс ойын өткізді. Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында 60 жүлде ойнатылды.

6 наурызда ХҚКО-ға мемлекеттік қызмет алу үшін келген клиенттер өздерінің байланыс телефондары жазылған кезек талондарын барабанға лақтырды. ХҚКО қызметкерлері өз аймағында үш жеңімпазды барабаннан кездейсоқ талондарды таңдау арқылы іріктеді. Жеңімпаздар Мемлекеттік корпорацияның логотипі бейнеленген рюкзак, қолшатыр және термос сияқты сыйлықтардың иегерлері атанды.

Сонымен қатар, нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ХҚКО қызметкерлері әрбір ханымға қызғалдақ гүлдері мен құттықтау хаттарын табыстады.

Еске сала кетейік, 8 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істемейді. 9 наурыздан бастап мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кесте уақыты бойынша алуға болады.