Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2023 жылғы 24 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері Ә.Н. Тұрысов, Е.Д. Оспанов, Б.А. Бекбауов, Б.Х. Ташенев, С.Т. Абдильдин, Балиева З.Я., Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова қатысты.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданған:

Мемлекеттік корпорацияның 2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру туралы Мемлекеттік корпорация Басқармасының 2022 жылғы есебі, 2022 жылғы екінші жартыжылдықтағы Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп, 2022 жылғы Мемлекеттік корпорация активтерін іске асыру мәртебесі туралы ақпарат, 2022 жылғы IV тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің есебі, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2022 жылғы жылдық есебі, Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің және Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының жұмысы туралы 2022 жылғы есебі қаралды, мақұлданды және назарға алынды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің жұмыс қорытындылары бойынша 2022 жылғы есебі, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы мен мүшелерінің  2023 жылға арналған негізгі қызмет көрсеткіштерінің карталары бекітілді.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі жұмыскерлерінің 2022 жылғы жұмысының, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің 2022 жылғы I, II, III, IV тоқсандағы және 2022 жылғы жұмыс нәтижелілігінің,  Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының 2022 жылғы жұмыс нәтижелілігінің қорытындылары бойынша сыйақы беру және сыйақы мөлшерін бекіту бойынша, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің 2022 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша қызметіне бағалау жүргізу мәселесі бойынша шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы  А.Р. Маханбетовтің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттігін тоқтату және Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы Ж. Садуақасовты тағайындау, оның өкілеттік мерзімін және лауазымдық жалақысының мөлшерін айқындау туралы шешім қабылданды