Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Шетелдік автокөліктерді заңдастыратын МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар  дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.

Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайларын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://gov4c.kz/ru/press-center/news/339502/.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.