Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қағидалары

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады. 

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңдерін тез әрі дұрыс өту жолдары келесі нұсқаулықта көрсетіледі:

1. Ең алдымен, сіз eGov.kz порталы арқылы деректерді тексеруге өтініш беруіңіз керек. Дербес компьютерге қол жеткізе алмайтын автокөлік иелері, еліміздің кез келген ХҚКО-ларында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өтініш бере алады. ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, HomeBank) бұл қызметті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет.

2. Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Егер сіздің жеке кабинетіңізге өтініштен бас тарту жөнінде хабарлама келген жағдайда, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бас тарту себептерін білу үшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуыңыз керек. Сіздің өтінішіңіз қабылданған болса, автокөлікті тексеру үшін МХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет. Ол үшін мәртебе парағында «кезекке тұру» батырмасын басып, мекенжайлар тізімінде көрсетілген МХҚО-ның бірін таңдап, соныңда күні мен уақытын белгілеу керек. Алдын ала онлайн кезекке тұрмаған жағдайда, азаматтарға қызмет көрсетілмейді.

3. Заңдастыруға рұқсат алған автокөлікті МХҚО-ның тексеру пунктіне белгіленген уақыттан 20 минут бұрын әкелу керек. Талонды тексеру пунктінде немесе «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

4. Тексеруді толық өткеннен кейін, сіз автокөлікті тіркеу үшін МХҚО ғимаратына өтуіңіз керек. Одан әрі, сіз қызметкерге автокөлікке меншік құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасын және көліктің шетелдік техникалық паспорттын тапсыруыңыз қажет.

5. Осыдан кейін алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңге мөлшерінде төлейсіз. Төлемді QR арқылы орталықта төлеуге болады.

6. Төлем жүргізілгеннен кейін сол күні сізге техникалық паспорт және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары бір реттік акция ретінде ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, бұл ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады. Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.

Автокөліктерді заңдастыратын МХҚО-лардың мекенжайлары

Аймақтар

МХҚО атаулары

Мекенжай

1

Астана қ.

Астана қаласындағы №1 МХҚО,

20-40 к-сі, 2

2

Алматы қ.

Алматы қаласындағы №1 МХҚО

Саялы ш/а, Аққайнар 1

3

Алматы қ.

Алматы қаласындағы №2 МХҚО

Майлин к-сі, 85

4

Алматы қ.

Алматы қаласындағы №5 МХҚО

Құлжа трактісі, 9К

5

Алматы қ.

Алматы қаласындағы №6 МХҚО

Кемел ш/а, Ақсуат к-сі, 118

6

Шымкент қ.

Шымкент қаласындағы  №1 МХҚО

Достық ш/а, 2343/1

7

Шымкент қ.

Шымкент қаласындағы  №2 МХҚО

196 аудан, 381/1

8

Ақмола облысы

Көкшетау қаласындағы МХҚО

Ш. Уәлиханов к-сі, 1/3

9

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласындағы МХҚО

Батыс-2 к-сі, 21Б

10

Атырау облысы

Атырау қаласындағы МХҚО

Северная промзона к-сі, 69

11

Алматы облысы

Қонаев қаласы бөлімінің  арнайы секторы

Қонаев даңғ, 41

12

ШҚО

Өскемен қаласындағы МХҚО

Абай даңғ, 203/3

13

Жамбыл облысы

Тараз қаласындағы МХКО

Төле би к-сі, 198А

14

Жамбыл облысы

Қордай ауданының  бөлімінің арнайы секторы

Домалақ  ана к-сі № 215

15

Жамбыл облысы

Меркі ауданының  бөлімінің арнайы секторы

Сарымолдаев көш,158в

16

БҚО

Орал қаласындағы МХҚО

Жәңгір хан к-сі, 160

17

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласындағы МХҚО

Мұқанов к-сі, 5

18

Қостанай облысы

Қостанай қаласындағы МХҚО

Карбышев к-сі, 12/10

19

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласындағы МХҚО

Тасбөгет ауылы, Жаңадария шатқалы, 91

20

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласындағы МХҚО

Өнеркәсіптік аймақ №9, 57 учаскесі

21

Павлодар облысы

Павлодар қаласындағы МХҚО

Космонавттар к-сі, 2

22

Павлодар облысы

Екібастұз қаласындағы МХҚО

Мәшһүр-Жүсіп к-сі,92/2

23

СҚО

Петропавл қаласындағы МХҚО

Нефтепроводная к-сі, 7

24

Түркістан облысы

Сауран ауданындағы МХҚО

Қазақстан 30 жылдығы ауылы, Қазыбек би к-сі, 51

25

Түркістан облысы

Сайрам ауданының МХҚО

Ақсукент ауылы, Жібек жолы к-сі, 176Б

26

Түркістан облысы

Сарыағаш қаласындағы МХҚО

Телемұнара ш/а, №2 к-сі, 2А

27

Абай облысы

Семей қаласының МХҚО

Қаржаубайұлы к-сі, 249Б/2

28

Жетісу облысы

Талдықорған қаласындағы МХҚО

Восточный ш/а, Центральная к-сі, 28

29

Ұлытау облысы 

Жезқазған қаласындағы МХҚО

Б.Момышұлы к-сі, 9