Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша сырттай отырысы өтті

2022 жылғы 28 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті, дауыс беруге Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, Е.Д. Оспанов, С.Т. Абдильдин, Балиева З.Я., Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

Директорлар кеңесінің өткізілген сырттай отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданған:

Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспары, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған бюджеті, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2023 жылға арналған мотивациялық түйінді көрсеткіштерінің карталары, Мемлекеттік корпорация омбудсменінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі қызметкерлерінің 2023 жылға арналған мотивациялық түйінді көрсеткіштерінің картасы бекітілді, Комплаенс-тәуекелдерді басқару саясаты, Мемлекеттік корпорацияның контрагенттерін кешенді тексеру саясаты, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары, Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік хатшысы қызметінің 2023 жылға арналған мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің картасы, сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның омбудсмені туралы ережеге толықтыру енгізілді.

Бұдан басқа, 2018 және 2020 жылдардағы жұмыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшесі-аппарат басшысы лауазымында О.Б. Шоқпаровқа сыйақы беру туралы мәселелер қаралды.