Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Заңды тұлғаларға арналған жаңа ХҚО

Астанада заңды тұлғаларға арналған жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңсесі Тұран көшесі 37/9 мекенжайы бойынша орналасқан.

Бұған дейін заңды тұлғалар қызмет алу үшін ХҚО-да жеке тұлғалармен бірге кезекте тұратын. Енді азаматтардың сұраныстарының нәтижесінде Мемлекеттік корпорация заң қызметтерін көрсету бойынша жеке Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу туралы шешім қабылдады. Жаңа орталықтың ашылуымен басқа ХҚО-дағы қызметкерлердің жүктемесі де азайып, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жақсаратыны сөзсіз.

Жаңа ХҚО соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Клиенттер жеке менеджердің көмегіне жүгініп, тез арада қажетті құжаттарын ала алады.

«Заңды тұлғаларға жеке тұлғалардан бөлек қызмет көрсету, ыңғайлырақ болатынын түсіндік. Біз әрбір клиенттің уақытын бағалаймыз. Енді заңды тұлғаларға ақылы негізде бөлек қызмет көрсетілетін болады», - деді Мемлекеттік Корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Айта кетсек, заңды тұлға екі түрлі серіктестіктің бірін таңдай алады. Серіктестіктің бірінші түріне сәйкес, заңды тұлға танымал қызметтерді және оның қосымша сервистерін алуға келісім шарт жасаса алады. Бұл заңды тұлғаның кәсібін жүргізуде мемлекеттік қызметтер мен қосымша құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңды тұлғаға мөр дайындау барсынан бастап, оны мекенжайына дейін жеткізіп беру жолдары қарастырылған.

Серіктестіктің екінші түріне сәйкес, клиенттер жеке менеджермен 3 айға келісім шарт жасасып, мемлекеттік қызметтердің барлық түрін ала алады. Заңды тұлға жеке менеджер арқылы мемлекеттік қызметті алып қана қоймай, көрсетілген мекенжай бойынша құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алады. Жеке менеджердің міндетіне заңды тұлғаға кеңес беруден бөлек, құжаттар топтамасын қалыптастыру кіреді.

Жоба пилоттық режимде Астанада іске қосылды. Келер жылы Қазақстан бойынша заңды тұлғаларға арналған халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда.