Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Тәуелсіздік күніне арналған ХҚО және арнайы ХҚО жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның ХҚО-лары мен арнайы ХҚО-лары жұмыс істемейтінін хабарлайды. 

17-18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 17 желтоқсан сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз. 

19 желтоқсан дүйсенбі күнінен бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс жасайды.  

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі мен жұма аралығында ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Мемлекеттік корпорация қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отыра, тұрғындарға амандық, зор денсаулық және жарқын болашақ тілейді!