Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2022 жылғы 25 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов, А.Х. Оспанов, С.Т. Абдильдин, Балиева З.Я., Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданған:

Мемлекеттік корпорацияның 2021 жылғы 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуын бағалау, Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын жартыжылдық нақтылау (2022 жыл, II жартыжылдықты нақтылау), Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (2023 жыл, жыл сайынғы нақтылау) бекітілді, Мемлекеттік корпорацияның Есеп саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2022 жылғы I, II, III тоқсандардағы жұмыс қорытындылары бойынша есебі және Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2022 жылғы III тоқсандағы есебі қаралып, назарға алынды.

Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушылары А.Н. Басанов пен А.А. Сейтенов тағайындалды, олардың өкілеттік мерзімдері мен лауазымдық жалақылары айқындалды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің басшысы Н. Б. Балтабаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.