Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Мемлекеттік корпорацияда емханаға еркін тіркелу бойынша жиі қойылатын сауалдарға жауап берілді

Күнделікті 1414 біріңғай байланыс орталығы желісіне алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық – санитарлық ұйымға бекітуге байланысты сұрақтар түсуде.

Науқан басталғалы бері 1414 желісі арқылы осы тақырып аясында 40 мыңға жуық өтініш түсті. Бұл, Қазақстанда 15-қыркүйектен бастап алғашқы медициналық көмек көрсететін, медициналық – санитарлық ұйымға еркін бекіту науқанының басталуымен байланысты. Тіркелген емханасын өзгерткісі келетін азаматтар, науқан аясында, осы жылдың 15 қарашасына дейін тіркеулерін өзгерте алады.

Сондай-ақ, қызмет алушыларды емханаға қалай тіркелу керек, медициналық ұйымды қаншалықты жиі өзгертуге болады, тіркелу қандай себептерге байланысты жүргізілмейді, емхананы таңдау кезінде нені ескеру керек деген сияқты сауалдар қызықтырды.

Тіркелу үшін медициналық мекемеге келу міндетті емес. Тіркеуді қашықтықтан, үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталы арқылы жүргізуге болады. Порталдың «Денсаулық сақтау» бөлімінде 20-ға жуық мемлекеттік қызмет түрі ұсынылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы өзінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында емханаға тіркелуге байланысты 10 ең маңызды деген сұрақ - жауаптарды жариялады.