Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Түркістанда жаңа ХҚО ашылды

Түркістанда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жаңа фронт-офисі ашылды. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа кеңсесі Төле би к-сі, 65 б мекенжайында орналасқан.

Енді жергілікті тұрғындар мемлекеттік қызметтерді алу үшін өздеріне жақын ХҚКО таңдай алады. Жаңа қызмет орталығының ашылуымен азаматтардың шоғырлануы және мемқызметтерді алу уақыты азаяды деп күтілуде.

«Бұдан бұрын келушілеріміз Халыққа қызмет көрсету орталығына қаланың кейбір аудандарынан жету үшін бір сағат уақытын кетіретін. Біз азаматтардың өтінішін ескере отырып, Түркістанның барлық тұрғынына мемлекеттік қызмет алу қолжетімді болуы үшін қызмет көрсету орталығына барынша ыңғайлы жерді таңдадық», - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация басқарма Төрағасының Орынбасары Айнұр Тобаева.

Түркістанның жаңа ХҚКО-ға келушілері үшін дәстүрлі қызметтермен қатар, оператордың көмегінсіз-ақ өздеріне қажетті кез-келген құжатты өз бетінше ала-алатын «Ену аймағы» жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл аймақта қызметкерлер клиенттерді цифрлық сауаттылықты меңгеруге үйретеді.

Сапаны жақсарту мақсатында жаңа ХҚКО-да электронды кезекті басқаруға арналған жаңартылған модуль және азаматтардың санын сараптауға, қызметкерлердің жұмыс орнында отырғанын анықтайтын, әңгімелесулерді жазып алатын, сөйлеу скриптініне анализ жасауға мүмкіндік беретін   аудио-видио ағынын басқару сервисі секілді жаңа технологиялар қолданылатын болады.

Атап өтетін жайт, ХҚКО қызметкелердің саны 13-тен 21-ге дейін көбейтілді. Бұл өз кезегінде халыққа қызмет түрлерін көбірек ұсынуға және қаладағы өзге ХҚКО жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Алдын ала есептеулер бойынша, жаңа нысанға келушілер саны күніне 800-1000-ға дейін жетеді деп күтілуде. Бұл қазіргі кезден 2 есеге көп.