Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

Мемлекеттік корпорацияда шетел азаматтары үшін ЖСН алудың жаңа тәсілдері пайда болды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені азайту мақсатында шетел азаматтарына ЦентрКредит Банкі арқылы ЖСН алу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылданды. Қазірдің өзінде 500-ге жуық шетел азаматы екінші деңгейлі банк бөлімшелерінен ЖСН алған.

Бұған дейін қызметті алу үшін резидент емес азаматтар арнайы бөлінген күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін. Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайту мақсатында Екінші деңгейлі банктерде осы қызметті алу мүмкіндігі іске асырылды.

ЖСН-ді кез келген шетел азаматы бизнес жүргізу және қаржылық операциялық процестер үшін ала алатынын ескеріңіз.

Астана қаласында Сіз ЦентрКредит Банкінің келесі мекенжайлар бойынша орналасқан бөлімшелерінен ЖСН ала аласыз:

  • Мәңгілік ел даңғ., 19, ғимарат 16;
  • Бөгенбай батыр даңғ., 54, жапсарлас ғимарат 10;
  • Бараев к-сі, 16;
  • Иманов к-сі, 11;
  • Абылай хан даңғ., 28 А;
  • Жеңіс даңғ., 70,  ғимарат 4;
  • Мәңгілік ел даңғ, 42, ғимарат 6;
  • Мамбетов к-сі, 24;
  • Қабанбай батыр даңғ, 13/2;
  • Б. Момышұлы даңғ., 2/2;
  • Бейбітшілік к-сі, 23.

Алматы қаласында ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау келесі мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады:

  • Гагарин к-сі, 244 А;
  • Розыбакиев к-сі, 111;
  • Масаншы к-сі, 57 А;
  • Назарбаев даңғ., 226;
  • Айманов к-сі, 140, ғимарат 55 А;
  • Панфилов к-сі, 98;
  • Бөгенбай батыр к-сі, 156;
  • Төле би к-сі, 143 А;
  • Тимирязев к-сі, 42;
  • Ақсай-2 ш.а., 9 А, ғимарат 46 – 47;
  • Қонаев к-сі, 1;
  • Жандосов к-сі , 1;
  • Назарбаев даңғ., 65;
  • Нұркент ш.а, 5, корпус 16-19;
  • Шевченко к-сі, 140.

Сонымен қатар, уақытты үнемдеу және халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезектерді болдырмау мақсатында Мемлекеттік корпорация eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы шетелдіктерге күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекті брондау бойынша қосымша қызметті әзірледі.

Шетелдіктер үшін ХҚО-да кезекті брондау үшін электрондық үкімет порталының басты бетінде «Шетелдіктер үшін ХҚО-да кезекті брондау» қызметін таңдау, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін енгізу, мекеменің атауын көрсету қажет. ХҚО, келу мақсаты, күні мен уақыты. Сәтті брондау кезінде шетелдік азамат көрсетілген уақыттан 15 минут бұрын ХҚО-ға келіп, қабылдау бөлімінде төлқұжатын көрсетіп, кезек билетін алуы қажет. Айтпақшы, Telegram Kenes1414Bot боты арқылы онлайн брондау қызметі қазірдің өзінде енгізілген.

Еске
салайық, шетелдік азаматтарға ЖСН алу үшін ХҚО-ға екінші рет оралу қажет емес.
Дайын құжат өтініште көрсетілген қазақстандық телефон нөміріне жіберіледі.