Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясы» КЕАҚ-та күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 29 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (одан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Ә.Н. Тұрысов,                Е.Д. Оспанов, Б.Х. Ташенов, С.Т. Әбділдин, З.Я. Балиева, Е.Н. Бегімбетов, И. Талло, А.С. Найзабекова.

 

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелерінің 2022 жылға негізгі қызмет көрсеткіштеріне түзетулер, Мемлекеттік корпорацияның Омбудсмені туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі жұмыскерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау қағидалары, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі жұмыскерлерінің қызметінің 2022 жылға мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің карталары, Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік қағтығыстарды реттеу қағидалары, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2022 жылға жаңа редакциядағы жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымына өзгеріс енгізілді.

Сонымен қатар, Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы А.М. Есжановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің бас менеджері болып Ж.Ж. Медеубаев тағайындалды, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс талдаушысы болып А. Рахымжанова тағайындалды, Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы болып М.Е. Ертаев тағайындалды және Ішкі аудит қызметінің аудиторы болып Е.А. Гончарук тағайындалды. Осы ретте, 2022 жылғы II тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлеріне сыйақы беру және марапттау мәселесі ағымдағы жылдың соңына дейін кейінге қалдырылды.

Сонымен бірге Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2022 жылдың II тоқсанының есебі назарға алынды.