Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

30 мың қазақстандық асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алды

Жыл басынан бері 30 907 азаматқа асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыны тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы клиенттерді жиі мазалайтын сұрақтарға жауап беру үрдісін жалғастырады. Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты сауалдардың 20 пайызы асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыға байланысты екені анықталды.

Азаматтар күн сайын асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы кімге тиесілі және төлем қалай тағайындалатынын анықтау үшін 1414 желісіне хабарласады. Сонымен қатар, олар жәрдемақы көлемін, төлемді тоқтату, уақытша тоқтату, қайта бастау тәртібін және төлем мерзімін білгісі келеді.

Аймақтарды салыстыратын болсақ, ең көп өтініш Алматы қаласына тиесілі – 13%, одан кейін тізімде Шымкент (10%), Түркістан облысы (9%), Нұр-Сұлтан (8%), Алматы және ШҚО (7%). Ең аз өтініш СҚО (1%) және БҚО-дан (2%) болып шықты.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер туралы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілерінен (Facebook, Instagram, Telegram) білуге болады.