Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

ХҚО ғимараттарының алдында велотұрақ пайда болды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы клиенттерге қолайлы жағдай жасау үшін еліміздің бес қаласында ХҚО ғимаратының жанында велотұрақ орнатты.

Бұрын ХҚО-ға велосипедпен келетін клиенттер транспортты қоятын жер таппаса, енді бұл мәселе шешімін тапты.

Бүгінде велотұрақтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларында пайда болды. 2023 жылы велотұрақтар барлық облыстың орталығында және ірі қалаларда пайда болады деп жоспарланды. Төменде велосипедке арналған тұрағы бар ХҚО мекенжайлары көрсетілген.

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданының №1 ХҚО, Е. Серкебаев көшесі, 13

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданының №2 ХҚО, Тұран көшесі, 37/9

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданының №2 ХҚО, Республика даңғылы, 43

Нұр-Сұлтан қаласы, КЕАҚ филиалы, Желтоқсан көшесі, 25

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданының Мамандандырылған ХҚО бөлімі, 20-40 көшесі, 2

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алмагүл ш/а, Ходжанов көшесі, 9А

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Р.Зорге көшесі, 9

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, 51А

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Марков көшесі, 44

Ақтөбе қаласы, №2 ХҚО, Сәңкібай батыр даңғылы, 249

Атырау қаласы, № 1 ХҚК, Әбілхайыр хан көшесі, 66

Тараз қаласы, № 1 ХҚО, Қойгелді көшесі, 158А

Тараз қаласы, № 2 ХҚО, Алатау ш/а, 16а