Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

1414 Бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен ең танымал ТОП-10 сұрақ

2021 жылғы сәуірде 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ауысты. 

Сол сәттен бастап бүгінге дейін қазақстандықтардың 28 миллион өтініші есепке алынды. Осы уақыт аралығында көрсетілген қызмет деңгейі бойынша клиенттердің қанағаттану деңгейі 4,72 баллға дейін көтерілді.

Өткен жылдың сәуірінен бастап клиенттердің ең танымал сұранысы – төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру. Осы бағыт бойынша 1,5 миллионға жуық өтініш түсті. Ары қарай жүргізуші куәлігін алу (523 824) және бала туу бойынша жәрдемақы тағайындау (501 481) мәселесі көш бастап тұр.

Сонымен қатар, ТОП-10-ға тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу, ЭЦҚ алу, аты-жөнін ауыстыру, некені тіркеу және салық төлеу мәселелері кіреді.

Бірыңғай байланыс орталығы 1323 мемлекеттік қызмет және 243 басқа қызмет бойынша кеңес береді (eGov порталының сервистері, elicense.kz). Одан бөлек, 10 ақпараттық-коммуникациялық қызметтер бойынша жауап алуға болады. Сонымен қатар, операторлар екпеге қатысты сұрақтар, Ashyq қосымшасы, E-otinish жүйесі және ХҚКО қызметі туралы ақпарат ұсынады.

Байланыс орталығы өтініштерді 1414 телефоны арқылы ғана емес, Мемлекеттік корпорацияның ресми сайты (gov4c.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунты, сондай-ақ eGov порталы арқылы да қабылдайды.