Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

Байқоңыр ауданында ХҚКО-ның қосымша секторы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығының қосымша секторы ашылды. Жаңа ХҚКО Өндіріс көшесі, 14А мекенжайындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратында орналасқан.

Сектор құжаттандыру қызметтерінен басқа барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Клиенттердің өтінімдерін қабылдау үшін әлеуметтік қызмет көрсету секторы, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, дайын құжаттарды беру секторы және қосымша төрт терезе қарастырылған. Жаңа сектор Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының тұрғындарын қабылдауға мүмкіндік береді, мұның нәтижесінде осы аудандар бойынша ХҚКО-дағы кезек мәселесі шешіледі. Бұл аудандарда тұратын клиенттер бір жерден бірнеше мемлекеттік қызметтерді ала алады және жаңа сектор олардың уақыты мен ресурсын үнемдейтін болады.

Сектор барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған, атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ғимаратқа кіру мүмкіндігі бар, кезекті ретке келтіретін құрылғылар және күту залы да қарастырылған.

Сондай-ақ, клиенттер жаңа сектордағы кезекті ХҚКО мобильді қосымшалары, eGov mobile және EgovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы брондай алады. Осы платформалар арқылы клиенттер қажетті қызметтерді онлайн режимінде ала алады.