Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін ұсынатын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынатын 30-ға жуық жазбалар мен хабарламаларды анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді - клиент оларға қоңырау шалған кезде, олар дайын жүргізуші куәлігі үшін 50-60 мың теңге көлемінде ақша сұрайды және құжатты бір ай ішінде беруге уәде береді. Ақшаны алғаннан кейін олар жасырынып, телефондарын өшіріп тастайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері осындай хабарламаларды тұрақты негізде қадағалап отырады және анықталған қажетті ақпараттарды құқық қорғау органдарына жолдайды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР ІІМ-ге жүргізуші куәлігін алуға заңсыз түрде көмектесуге үндеген 12 факті бойынша ақпарат берілді.

Жүргізуші куәлігін тек тиісті емтихандардан өту арқылы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.

Сондай-ақ, жүргізуші куәлігі үшін 1,25 АЕК (3975 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Емтихандар келесі ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық.

Анықтама: теориялық емтихан: 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беру керек. Емтиханнан өту үшін 32 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Бұдан кейін-автодромдағы практикалық емтихан. 20 минут ішінде жүргізуші куәлігін алушы үміткер автокөлікпен жүру арқылы 12 сынақтан өтуі керек. Егер екі емтихан да сәтті өтсе, оған жүргізуші куәлігі беріледі.