Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын онлайн бағалай алады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау бойынша онлайн қоғамдық мониторинг жүргізеді.
Барлық ниет білдірген қызметалушылар eGov порталының «Ашық диалог» платформасында сауалнаманы http://m.egov.kz/survey/ сілтемесі арқылы өтіп толтыра алады. Қызметалушыға тиімді болуы үшін, 2022 жылы жүгінген мемлекеттік қызметтердің тізімін онлайн-нысанда көре алады және олардың әрқайсысын жеке-жеке бағалай алады.
Сауалнамадан өту үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Сауалнама Мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейін білуге және проблемалық мәселелерді анықтауға көмектеседі.