Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Blockchain арқылы қол жетімді болады

2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырды.

Мемлекеттік корпорация «Цифрлық ипотека» бойынша қызмет түрлерін кеңейтуде және 2022 жылдың 11 мамырынан бастап ЕДБ-мен бірлесіп міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін Blockchain арқылы рәсімдеу пилоттық жобасын енгізді.

Жаңа қызметті алғашқылардң бірі болып «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ клиенттері пайдалана алады. Жобаға «Отбасы банк» және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-лар да қосылады.

Клиент тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартына Blockchain технологиясының көмегімен қол қойған кезде екінші деңгейдегі банкпен жылжымалы мүлік кепіл шартын рәсімдеп, тіркеуге құжаттарды онлайн форматта бере алады. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жылжымалы мүлік оған қатысуды талап ету құқығы болып табылады.

Егер бұрын тіркелу үш күнге созылса, қазір бүкіл процесске бір сағат уақыт кетеді.

Жоба банктердегі жылжымалы мүлік (мүліктік құқықтар) кепілімен кредитті онлайн рәсімдеу процесін жеңілдетеді, шығындарды азайтады және кредит беру мерзімін қысқартады.

«Жыл сайын Азаматтарға арналған үкімет 10 мыңға жуық жылжымалы мүлік кепілін тіркейді. Егер бұрын тіркеу процесі 3 күнге созылса, Blockchain технологиясының арқасында 1 сағаттың ішінде рәсімделетін болды. Тіркеуші органмен физикалық байланыс толығымен жойылды», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Жаңа қызмет Мемлекет басшысының мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «шешімдер бизнес пен азаматтардың нақты сұраныстары негізінде үш күн ішінде, реті келсе бір тәулікте жылдам қабылдануы тиіс».