Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТІҢ 8 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕРІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Мемлекеттік корпорация жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрмен биыл да тазалық акциясына белсене атсалысты. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының барлық филиалдарында сенбілік өтті. 

Әдетте құжаттарды қабылдап, мемлекеттік қызметтер ұсынатын қызметкерлер бұл жолы қазақстандықтарға көшелерді қыс бойы жиналған қоқыстан тазартуға көмектесті.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидатын ұстану әрбір қызметкердің міндеті.

"Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырып тұрады. Біз үшін бұл тек игілікті іс қана емес, ұжымдастардың бір-бірімен бейресми қарым-қатынаста жүздесу мүмкіндігі. Бүгін мемлекеттік корпорацияның қарапайым мамандарынан бастап топ-менеджерлерге дейін жұмысқа жұмыла кірісіп, көшелерді қоқыстан бірге тазартты, көшеттер отырғызды", - деді ол өз сөзінде.

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорация қызметкерлері 300-ге жуық көшет отырғызды, 2 мың қап қоқыс жинап, қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындарын - саябақтарды, скверлер мен жағалауларды ретке келтірді.

Сондай-ақ, теміржол бойы қоқыстан, тротуарлардың жиектері құм мен балшықтан тазарды.