Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Жаңа тағайындалған орынбасар Қанат Дыбыспаев ХҚО саласына жетекшілік етеді.  

Қанат Дыбыспаев 1977 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-математика факультетін бітірген. Сол жылы орта мектепте математика және информатика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 

2001-2006 жылдары «ҚТЖ» АҚ процессинг орталығының филиалында қолданбалы әкімшілендіру бөлімі бастығының орынбасары болды. 2007 жылдың қарашасынан 2010 жылдың қазан айына дейін «Цеснабанк» АҚ бөлшек бизнесті дамыту департаментінің процессинг орталығы жобасының бас менеджері қызметін атқарды.          

2011-2017 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жобалардың жетекшісінен бастап ақпараттандырудың сервистік моделін сүйемелдеу департаментінің директорына дейін әртүрлі техникалық лауазымдарды атқарды. 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың наурызына дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде жобаға  жетекшілік етті.                                                                          

2018-2019 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты, ал 2019 жылдың шілде айынан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның басқарушы директоры және Басқарма мүшесі болды.                                  

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Әділ Қожықовтың орнына осы уақытқа дейін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Сүйеніш Әбділдин тағайындалған болатын.