Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Қазақстанның автоХҚО-лары жұмысын қайта бастайды

12 қаңтардан бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі - сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

Әзірге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚО-лары ғана ашылмайды. Аталған өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

"Автоқызметтер - сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін" - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.