Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкіметте» директорлар кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 26 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Б.Б. Мусин, Е.Д. Оспанов, Б.Х. Ташенев, А.Г. Қожықов, З.Я. Балиева, Б.Г. Мұхамеджанов, Ивар Талло, А. С. Найзабекова.

Өткізілген директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесідей негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорацияның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының 2020 жылғы іске асырылуын бағалау, Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын жартыжылдық нақтылау (2021 жыл, II жартыжылдықты нақтылау), Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (жыл – Мемлекеттік корпорацияның 2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясы, басшы қызметкерлерге, Ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне және Корпоративтік хатшыға еңбекақы төлеу қағидаларына және Мемлекеттік корпорацияның басшы қызметкерлеріне қызмет тиімділігін бағалау және сыйақы төлеу қағидаларына, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттерін дамыту жөніндегі 2022 жылға арналған бағдарламаға (жоспарға) және Директорлар кеңесі мүшелерінің және оның комитеттерінің құзыреттерін дамыту жөніндегі 2021 жылға арналған бағдарламаға (жоспарға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2021 жылғы III тоқсандағы жұмыс нәтижелілігінің қорытындысы бойынша сыйақылар мөлшері бекітілді.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің 2021 жылғы III тоқсандағы жұмыс қорытындылары жөніндегі есебі және Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің 2021 жылғы 9 айдағы шешімдерінің орындалу мониторингі жөніндегі ақпарат назарға алынды.

 Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның комплаенс бақылау қызметінің басшысы Д. К. Қарашевтің және ішкі аудит қызметінің аудиторы А. М. Жақыповтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, комплаенс бақылау қызметінің жаңа басшысы А. Б. Әлімбаев және Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің жаңа аудиторы ретінде М. Е. Ертаев тағайындалды.