Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Елордалық автоХҚОда практикалық емтихан қабылдау тоқтатылды

Елордалық мамандандырылған ХҚО-ның автодромын жабдықтауға байланысты автоХҚО-да практикалық емтихан қабылдау тоқтатылды.

Көлік құралдарының ара-тұра істен шығуы қозғалыс траекториясын ескеретін датчиктердің бұзылуынан, сондай-ақ практикалық емтихан тапсыру барысында жасалатын бұзушылықтарға байланысты туындап отырды. Көлік жүргізу кезінде кейбір азаматтар жол ережелерін сақтамай, көлікті бордюрлерге соғып датчиктердің істен шығуына себепкер болды. 

Елордалық автоХҚО алғашқылардың бірі болып жұмыс істей бастағандықтан, автодромда және емтихан алушы машиналарда орнатылған датчиктердің модельдері әбден ескірген және қазіргі уақытта өндірістен алынып тасталған. Сондықтан оларды жаңасына алмастыру мүмкін болмаған.

Бұл жағдайды шешу мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы автодромдағы автомобильдерді жаңа жабдыққа ауыстырып жатыр. 
Автодромның жұмыс істемеуіне байланысты практикалық емтихан уақытын өткізіп алған клиенттер үшін барлығы іске қосылғаннан кейін емтиханды қайтара тапсыру мүмкіндігі беріледі. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Көлік жүргізу емтихандарын қабылдау мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.