Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Тәжірибе алмасу. Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастығы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері 2021 жылдың 14-17 қыркүйегі аралығында Өзбекстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Бюджеттен тыс зейнетақы қорындағы әріптестерімен Ташкентте кездесті.

Екіжақты кездесу барысында өзбек тарапы елдегі жәрдемақылар мен зейнетақыларды тағайындау мен төлеу барысымен таныстырып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары туралы айтты.

Мамандар зейнетақы қоры саласындағы реформа мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының тұрғындарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру стратегиясы атап өтілді.

Жиында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы бюджеттен тыс зейнетақы қоры арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселесі қаралды.

Сапар барысында "Азаматтарға арналған үкімет" Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов бастаған мемлекеттік корпорация делегациясы Ташкенттегі Зейнетақы қорының Яшнабад аудандық бөлімшесінде болды, онда әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерімен және істердің электронды макеттерін өңдеу және қалыптастыру үдерісімен танысты.

Қазақстандық делегация одан әрі Өзбекстан тарапының шақыруымен Ташкент қаласының Чиланзар аймағының Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында (МҚО) болды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде МҚО қызметкерлері бірнеше принциптерді басшылыққа алады. Бұл – ашықтық, достық, ыңғайлылық, шынайылық, мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапкершілік және адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Сонымен қатар өтініш берушінің айтқаны әрқашан дұрыс, ал қызметкер клиентті түсінуі және көмектесуі, уақытын үнемдеуі қажет.

Өзбекстандық әріптестер фронт-офисте құжаттарды қабылдаудан бастап, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға дейінгі қызмет көрсету үдерісін таныстырды. Сондай-ақ электронды, проактивті және композиттік мемлекеттік қызметтерді көрсету форматтары, мобильді қосымшадағы цифрлық құжаттар көрсетілді.

Өзбекстан Республикасы билігі Әділет министрлігі жанындағы Мемлекеттік қызметтер агенттігінің қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсетуде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қызмет көрсету процесін оңтайландыру, бірыңғай тізілімді қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің инновациялық формалары мен әдістерін енгізу және т.б. сол сияқты жоғары міндеттер қойған.

Өзбекстан мемлекеттік қызмет көрсетуде өзгерістер енгізуді жалғастыруда. 2021 жылдың 1 тамызынан бастап жеті мемлекеттік қызмет автоматты түрде тағайындалатын болған. Ал 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап жасына қарай зейнеткерлікке шығу проактивті түрде рәсімделетін болады. Сондай-ақ, жасына қарай зейнеткерлікті тағайындау үшін қажетті еңбек өтілін заңды түрде сатып алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары да біркелкі кейіптен өзгеріп, фронт-офистер түрлі дизайнда жасалған.

Екіжақты кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы келісімге қол жеткізді.