Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкіметте» директорлар кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 06 қазанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар Кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Б.Б. Мусин, Е.Д. Оспанов, А.Х. Әмірғалиев, Б.Х. Ташенев, Ә.Г. Қожықов, З.Я. Балиева, Б. Г. Мұхамеджанов, Ивар Талло, А. С. Найзабекова.

 Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесідей негізгі шешімдер қабылданды:

  • Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымы, Мемлекеттік корпорацияның бақылау комплаенс қызметінің 2021 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік корпорацияны бастамашылық ақпараттандыру саясаты, мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2021 жылғы 2-тоқсандағы жұмыс нәтижелілігінің қорытындысы бойынша сыйақы мөлшері, Корпоративтік хатшының қызметі туралы ереже және корпоративтік хатшы мен Корпоративтік хатшы қызметі қызметкерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
  • Мемлекеттік корпорацияның корпоративтік хатшысы қызметін, Мемлекеттік корпорацияның комплаенс және тәуекелдер жөніндегі комитетін құру туралы, сондай-ақ Директорлар Кеңесінің 2017 жылғы 04 қыркүйектегі (№01-01-02/10 хаттама)шешімімен бекітілген Жалғыз акционердің назарына жеткізілуі тиіс Мемлекеттік корпорацияның директорлар Кеңесі қабылдаған мәселелер тізбесі туралы қабылданған шешімдердің күшін жою туралы шешім қабылданды;
 Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің 2021 жылғы 2 тоқсандағы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі назарға алынды.