Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру және жер кадастры қызметтері бағасының жобасын ұсынды

6 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алаңында жерге орналастыру және жер кадастры саласындағы мемлекеттік қызметтерге баға белгілеу мәселесі бойынша онлайн жария тыңдау өтті.

  Баға жобасын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынды.

  Жария тыңдауға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

  Қазір жер кадастры саласындағы мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге тарифтер 2016 жылы бекітілген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес реттеледі.
Ұсынылған баға жобасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің уақыт нормалары мен ұсыныстары негізінде әзірленген.

  Жария тыңдау барысында қызметтердің бағаланатын құны, сәйкестендіру нөмірін шығару, жобаланатын жер учаскесі орналасқан жердің ақпараттық жүйедегі графикалық мәліметтеріне сәйкестігі және басқа да мәселелер талқыланды.
Кәсіпкерлер қызметтерге баға белгілеуді қалыптастыруға, шығындар сметасына және Мемлекеттік корпорация ұсынатын қызметтердің бизнес-процесіне қызығушылық танытты.

 Келесі кезекте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жер кадастры саласындағы қызметтер бойынша жаңа жобада ұсынылған бағалар бойынша сараптама өтеді.