Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Жылжымайтын мүлікті нотариус арқылы тіркеу барысында тиісті төлемді бірден жасауға болады

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Кaspi.kz компаниясымен бірігіп, банктің мобильдік қосымшасы арқылы қызмет ақысын төлеу мүмкіндігін іске қосты. Жылжымайтын мүлікке қатысты рәсімдерді нотариус арқылы жүргізген клиенттер енді мемлекеттік баж салығын Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізе алады. Ол үшін нотариус берген түбіртекте көрсетілген QR кодты сканерлеу қажет, сондай-ақ қосымшадағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін де пайдалануға болады.
    «Мемлекет басшысы өз жолдауында мемлекеттік қызметтердің смартфон арқылы қолжетімділігін 100% көлемде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жаңашылдық – осы бағыттағы жұмыс бойынша жасалған кезект қадам. Бұрын нотариалды рәсімнен кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариалдық ақпарат жүйесіне жолдайтын. Құжаттар рәсімін аяқтау үшін қазақстандықтар касса немесе Қазпошта бөлімдерін іздеп, кейін төлем түбіртегін тапсыру үшін нотариусқа қайтып келетін.
    Біз үшін халыққа мемлекеттік қызметтерді алу мейлінше ыңғайлы және қарапайым болғаны маңызды, сондықтан да серіктестерімізбен бірге онлайн сервистерді әрі қарай да дамытуға мүдделіміз. Санаулы минуттарда онлайн түрде алуға болатын қызметтер санын көбейтетін боламыз» – дейді «Азаматтарға аналған үкімет» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
    2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік корпорация арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 708 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
    Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті тіркеуді ХҚО және нотариустар арқылы да іске асыруға болады.