Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкіметтің» 93 резервисі басшылық лауазымдарға тағайындалды

2021 жылдың маусым айынан бастап «Дарындылар пулының» 93 қатысушысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылық қызметтеріне тағайындалды.

Мемлекеттік корпорацияның кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы наурыз-сәуір аралығында жүргізілді. Оған ниет білдірген кез келген азамат қатысты. Қазақстанның барлық өңірінен 2000-нан астам адам қатысуға өтінім берді. Үміткерлер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті – түрлі тестілеу және сарапшы комиссиямен әңгімелесу. Іріктеу қорытындысы бойынша кадр резервіне 353 адам іріктелді, оның 13-і – сырттан келген үміткерлер.
«Бүгінгі таңда 93 резервист, яғни «Дарындылар пулына» қатысушылардың үштен бірі мемлекеттік корпорацияда жаңа лауазымдарға тағайындалды. Біз барлық резервистермен байланыстамыз, олардың әрқайсысы бос лауазымдар тізімін көріп отырады. Барлық филиалда резервистермен кездесулер өтті, ал жыл соңына олардың құзыретін дамыту бойынша бірқатар іс-шара жоспарланған. «Дарындылар пулы» бойынша жұмыс біздің ерекше бақылауымызда», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Тағайындалған резервистердің ішінде Айнұр Тобаева мен Жәнібек Қамбаровты атап өтуге болады – олар Мемлекеттік корпорацияның Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалды басқарып отыр. Ал ШҚО-да белгілі қоғам белсендісі Руслан Кибке сыртқы кандидат ретінде кадр резервіне өтіп, Семейдегі ХҚО бөлімшелерінің бірінің директоры атанды. Тағы бірнеше резервист филиал директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Руслан Қалмұратов – Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары, Бауыржан Базылбеков – БҚО бойынша филиал директорының орынбасары, Қайрат Меңлібеков – Атырау филиалы директорының орынбасары болды.
«Дарындылар пулы» мемлекеттік корпорация қызметкерлерін ынталандыру және меритократия қағидаттарын ілгерілету үшін құрылған. Бұл «Президенттік Жастар кадрлық резерві», Елбасы академиясының салалық менеджерлерінен және «Жас Өркеннен» кейінгі кадр резервін қалыптастыруға бағытталған еліміз бойынша төртінші жоба.