1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкіметте» директорлар кеңесінің отырысы өтті

2021 жылы 30 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Мусин Б.Б., Әмірғалиев А.Х., Оспанов Е.Д., Ташенев Б.Х., Қожықов А.Г., Балиева З.Я., Мұхамеджанов Б.Г., Ивар Талло, Есембаев Н.С.

Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесідей негізгі шешімдер қабылданды:

  • Мемлекеттік корпорацияның 2020 жылғы қызметі туралы жылдық есеп, 2020 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша басқарма төрағасы мен басқарма мүшелерінің нақты мәндері бар қызметтің негізгі көрсеткіштерінің карталары, 2020 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Басқарма Төрағасы мен мүшелеріне сыйақылар және төленетін сыйақы мөлшері, Мемлекеттік корпорацияның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының 2020 жылғы орындалуы бойынша Есеп, Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің кепілдік беру және сапасын арттыру бағдарламасы бекітілді;
  • Мемлекеттік корпорацияның ішкі аудит қызметінің жетекші маманы-аудиторы тағайындалды, оның өкілеттігінің мерзімі мен лауазымдық жалақысының мөлшері анықталды;
  • Жалғыз акционердің жарияланған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруы арқылы мүлікті акциялардың ақысын төлеу есебіне беру арқылы бір данасына 1000 (бір мың) теңге бағасы бойынша 844 663 186 (сегіз жүз қырық төрт миллион алты жүз алпыс үш мың жүз сексен алты) теңге сомасына Мемлекеттік корпорацияның жарияланған 844 663 (сегіз жүз қырық төрт мың алты жүз алпыс үш) дана акцияларын жай акцияларға орналастыру туралы шешім қабылданды;

Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп қаралып, назарға алынды.