Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Алматы мен Алматы облысында жаңа басшылар тағайындалды

Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы қаласы бойынша филиалының жаңа басшысы болып Ермек Бекжүнісов тағайындалды. Оның басқа лауазымға ауысуына байланысты Алматы облысы бойынша босаған филиал басшысының орнына бұған дейін Алматы қаласы бойынша филиал басшысының орынбасары қызметін атқарған Аслан Ғабдуллин тағайындалды.

Ермек Бекжүнісов 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық университетін Музыка мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы ҚазМЗУ-да «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Еңбек жолын 1994 жылы «Дәуір» газет-журнал баспасында экспедитор қызметінен бастаған. 2003 жылдан 2007 жылға дейін «Қазмұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінде жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары болды, кейін 2011 жылы ХҚО директоры лауазымына көтерілді. 2017 жылдан Алматы мамандандырылған ХҚО бөлім басшысы болып қызмет етті. Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директорлығына 2018 жылы келді.

Аслан Ғабдуллин 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастап, 2007 жылға дейін Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы органдарында түрлі позицияларда жұмыс істеді.

2008 жылы Алматы қаласындағы «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК ауысты. 2011 жылдан 2013 жылға дейін БҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК басқарды.

2018 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Алматы қаласы бойынша филиалы директорының бірінші орынбасары болды.