1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру арқылы Директорлар кеңесінің отырысы өтті

26 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» директорлар кеңесінің сырттай дауыс беру бюллетеньдері бойынша дауыстарды санау өткізілді. Оған Директорлар кеңесінің мынадай мүшелері қатысты: Мусин Б.Б., Оспанов Е. Д., Манатаев Р. Е., Ташенев Б.Х., Әмірғалиев А. Х., Қожықов Ә. Г., Мұхамеджанов Б. Г., Ивар Талло, Балиева З. Я., Есембаев Н.С.

Дауыс беру қорытындылары бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды: Мемлекеттік корпорация омбудсменінің 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп назарға алынды, Мемлекеттік корпорация омбудсменінің 2020 жылғы сыйақысының мөлшері, жаңа Омбудсменнің лауазымдық жалақысының мөлшері және Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы бекітілді, Мемлекеттік корпорация омбудсмені Ғалым Әбиболлаұлы Қарқынбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, жаңа Омбудсмен Майра Арапқызы Айсинаны тағайындау туралы шешім қабылданды.