Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

Қай қалалардың ХҚО-лары тек бронмен қабылдайды

Індеттің өршуіне байланысты кейбір аймақтардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті алдын ала брондап, белгіленген уақытта ғана бару қажет. Әзірше бұл талап Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей қалаларына және Алматы облысының Көксу, Ескелді аудандарына қатысты. Бірақ аймақтардағы бас санитар дәрігерлердің шешімімен бұл тізім толығуы мүмкін.

Сондықтан ХҚО-ға бару керек болса, кезекті әп-сәтте онлайн белгілеуге болады. Қалай?

Egov.kz порталы арқылы:

  • еgov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
  • басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз
  • ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз
  • қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз
  • әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көрсетіңіз
Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!

Ескерту: ХҚО-ға 10-15 минутқа ерте барып, маска тағып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.