Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкіметтің» жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Әділ Кожихов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Мемлекеттік корпорацияның ұжымына жаңа басшыны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин таныстырды.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Саясаттану" мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2001-2003 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығының сарапшысы.

2003-2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

2005-2011 жж. – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, ақпараттық-талдау орталығының сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011-2012 жж. – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары.

2013-2014 жж. –ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2014-2016 жж. – «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.

2016-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы.

2018-2019 жж. – «Nur Otan» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі – Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының директоры.

2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.