1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – қызмет, Мемлекеттік корпорация, тиісінше) 2016 жылғы сәуірде Мемлекеттік корпорацияның директорлар Кеңесінің шешімімен (2016 жылғы 29 сәуірдегі № 1/16 хаттама) құрылды.

Қызмет Мемлекеттік корпорацияда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік корпорацияның органы болып табылады. Қызмет тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесі мен басқармаға Мемлекеттік корпорацияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша олардың міндеттерін орындауға қажетті көмек көрсету болып табылады.

Қызмет қызметінің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне мемлекеттік корпорацияда тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз, объективті аудиторлық кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.

Қызмет өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Мемкорпорация органдарының шешімдерін, Ішкі аудит қызметі туралы ережені, ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты басшылыққа алады. Қызмет жұмысы Ішкі аудиттың халықаралық кәсіби стандарттары мен Ішкі аудиторлар Институты жасаған (The Institute of Internal Auditors Inc.) Этика кодексінің базалық алаптарына негізделеді.

Қызмет өз қызметін жыл сайынғы негізде мемкорпорацияның Директорлар кеңесі бекітетін аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

2019 жылдың қараша айында Мемлекеттік корпорацияның директорлар Кеңесінің шешімімен (№01-01-02/05 хаттама) Мемлекеттік корпорацияның басшысы болып БАЛТАБАЕВ Нұрсұлтан Базарбайұлы тағайындалды.

Байланыс ақпараты: 010000, Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғ., 10

Тел.: +7 (7172) 95 51 21

Электрондық пошта: n.baltabayev@gov4c.kz