1414
Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ (бұдан әрі – Мемкорпорация) қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтау мақсатында Мемкорпорацияда Омбудсмен лауазымы енгізілді.
Директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап осы лауазымға Айсина Майра Арапқызы тағайындалған.
Омбудсмен-рөлі мемкорпорацияның өзіне жүгінген қызметкерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Мемкорпорация қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауда жәрдем көрсету болып табылатын Мемкорпорация Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға.
Омбудсменнің негізгі міндеттері:
Бұл ретте, мемкорпорацияның ішкі құжаттарына сәйкес Омбудсмен функцияларды жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған ақпараттың құпиялылығын сақтауға, дауларды қарау рәсімдерін жүргізу кезеңінде қызметкерлерді құқықтық қорғауды (еңбек заңнамасында белгіленген рәсімдер шеңберінде) қамтамасыз етуге және Мемлекеттік корпорацияның лауазымды тұлғалары мен өзге де қызметкерлеріне тең қарау қағидатын сақтауға және кемсітушіліктің кез келген түрін болдырмауға ықпал етуге міндетті.
Мемлекеттік корпорацияның Іскерлік әдеп кодексін бұзу, корпоративтік даулар мен қақтығыстар, сондай – ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер фактілері бойынша сіз +7(7172) 95 50 38 (ішкі 406) телефоны арқылы хабарласа аласыз, сондай-ақ жазбаша өтінішті электрондық поштаға жібере аласыз - ombudsman@gov4c.kz.
Бұдан басқа, Омбудсменнің өтініштерін қағаз тасымалдағышта мына мекенжай бойынша жіберуге болады: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ омбудсменіне конвертте (пакетте).