Корпоративтік құжаттар

Корпоративтік құжаттар

Корпоративтік мәдениетті дамыту

Корпоративтік құндылықтар корпоративтік мәдениеттің негізі болып табылады, ол жұмыскерлердің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің бірлігін қалыптастырып, Мемлекеттік корпорацияның мақсаттарына тиімді қол жеткізуге ықпал етеді.
SANA Кодексі SANA корпоративтік, сервистік және инновациялық мәдениеті бойынша іске асыру механизмімен бекітілді.
SANA құндылықтары - бұл Мемлекеттік корпорацияның әрбір лауазымдық тұлғасы мен жұмыскерінің негізгі ұстанымдары. Оны жұмыскерлер басшылыққа ала отырып, өзінің лауазымдық міндеттері мен еңбек міндеттерін орындау шеңберінде тиісті шешімдерді қабылдайды және Мемлекеттік корпорация  оны ұйым ретінде, сондай-ақ оның әрбір жұмыскері күнделікті жұмысын жүзеге асыруда негізге алады.
SANA құндылықтары (корпоративтік мәдениет коды):
S - SENIM (сенім):
1) Біз әрқашан Сіздермен бірге өмір бойы еліміздің азаматтарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсетеміз;
2) біз топтасқан команда, әр түрлі ойлаймыз, бірақ бір мақсатқа барамыз;
3) біз, көмекке мұқтаж әрбір адамға көмектесуге шын жүректен ұмтыламыз.
A - АSHYQTYQ (ашықтық):
1) Біз цифрландыруға азаматтар мен бизнестің тартылуын арттырамыз;
2) біз барлығына ашықпыз, проблемаларды жасырмай және үндемей қалмай, оларды шешеміз;
3) біз цифрлық технологиялар арқылы инновациялар мен көшбасшылықты дамытамыз.
N - NÁTIJE (нәтиже):
1) Біздің клиенттер сапалы нәтижеге қол жеткізеді;
2) біз жұмыскерлерді нәтижелерге қол жеткізгені және дамытқаны үшін ынталандырамыз;
3) біз өз дағдыларымызды үнемі жетілдіреміз.
A - ABYROI (абырой):
1) Біз үшін өз халқына адал, жауапкершілікпен және абыройлы қызмет ету абырой;
2) біз шындықты айтамыз, сөзімізде тұрамыз және өз іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қараймыз;
3) біз сыбайлас жемқорлыққа, құқық пен заңдарды бұзуға мүлдем төзбеушілікті мәлімдейміз.
Корпоративтік мәдениетті іске асыру шеңберінде тұрақты және жүйелі негізде, корпоративтік іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған корпоративтік және спорттық іс-шаралар, «Біз бір командамыз» тимбилдингі, Бір команда – бір мақсат» спартакиадасы, «Біз цифрлық мәдениетті қалыптастырамыз» Тown hall өткізіледі.