Жалғыз акционер

Жалғыз акционер

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын орган болып табылады.

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жарғысының 7-тармағына сәйкес цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (Жалғыз акционер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысы мен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша шешім қабылданатын мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дербес қабылдайды.